Диетолог шұжықты үнемі тұтыну адам өмірін қысқартатынын айтты
Диетолог Михаил Гинзбург шұжықты тұрақты түрде тұтыну адам өмірін қысқартатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Маманның сөзінше, шұжықты үнемі тұтыну денсаулыққа кері әсер етеді.
“Шұжық ет өнеркәсібінің жоғары өңделген өнімі. Тіпті 100 грамм шұжық немесе бекон ағзаға теріс әсер етуі мүмкін. Ол ішек микрофлорасының жағдайын нашарлатып, жасқа байланысты аурулардың даму қаупін арттырады”, – дейді маман.
Гинзбургтың сөзінше, мұндай өнімдерден бас тарту дененің ресурстарын қалпына келтіруге және денсаулықты жақсартуға мүмкіндік береді.
Қазақстанда шетелдіктерге тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды