Диетолог қыс мезгілінде ағзаға аса қажет дәрумендерді атады
Entueat интуитивті тамақтану орталығының басшысы Светлана Бронникова қыста адамдарда Д дәруменінің жетіспеушілігі байқалатынын айтады. Бұл, әсіресе, солтүстік аймақта тұратын адамдарға қажет екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Прайм агенттігіне сілтеме жасап.

Диетологтың сөзінше, капсула түріндегі дәрумендерді бірден қабылдау ағзаға кері әсер тигізуі мүмкін. Сондықтан маман бетті немесе қолды күнге шығарып, бірнеше минут тұруға кеңес береді.
Сонымен қатар қыста адамдардың ағзасында А, С және В дәрумендерінің жетіспеушілігі байқалады екен. Сондықтан биобелсенді қоспаларды емес, аталған дәрумендерге бай тамақтарды жиі тұтыну керек.
Светлана Бронникованың айтуынша, зығыр дәндері омега-3 дәруменіне өте бай. Дәндерді ботқа дайындауда да пайдалануға болады. Бұл үшін ұнтақталған дәнге су құйып, бір түн қойып қойған жөн.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"