Диетасыз арықтаудың тиімді жолы табылды
Артық салмақтан құтылу үшін жақсы көретін тамақтың көлемін азайту керек. Бұл туралы диетолог Грейми Томильсон айтып берді. Оның кеңестерімен The Sun басылымы бөлісті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Томильсонның сөзінше, үлкен көлемдегі тамақтар бізге үлкен болып көрінбейді. Бірақ олардың құрамындағы калория мөлшері ағзаға қажетті мөлшерден үш есе көп. Мысал ретінде ол Domino's маркасы шығаратын пепперонимен пиццаны келтірді. Жай пиццаның өзінде 678 калория бар, үлкен пиццада — 1923.
"Кейде бір рет диетаны бұзудың орнына, ультракалориялық өнімдердің және сусындардың көлемін азайтуға болады. Әдетте салмақ солардың кесірінен артады", — деп түсіндірді маман.
Тамыз айында мамандар физикалық жаттығулардың іштегі майдан құтылуға неліктен көмектеспейтінін айтып берді. Жаттықтырушы Ханна Льюистің сөзінше, майдан калория жетіспегенде және үнемі физикалық жүк салынғанда құтылуға болады.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге