Диего Марадонаның дәрігері адам өлтірді деген күдікке ілінді
Диего Марадонаның дәрігері Леопольдо Лукеге футболшыны өлтірді деген айып тағылды. Бұл туралы Аргентинаның Telam агенттігі хабарлады.

Дәрігердің үйі мен емханасында тінту жұмыстары жүргізілді, Марадонаның ауру тарихына қатысты құжаттар алынды. Тергеу науқасқа немқұрайлы қарап, жалғыз қалдырғаны үшін жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, медбике Даяна Гиселы Мадридке қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Ол жауап алу кезінде таңертең сағат 07: 30-да Марадонаның бөлмесінен шыққан дыбыстарды естідім деп өтірік айтты. Оның науқасты тексеруге барғаны, қажетті дәрі-дәрмектерді берген-бермегені анықталып жатыр.
Марадона 25 қарашада қайтыс болды, ол 60 жаста еді. Аргентинада бүкілхалықтық үш күндік аза тұту күні жарияланды. ХХ ғасырдың ең үздік футболшыларының бірін Буэнос-Айрес маңында «Хардин Белла Виста» жеке зиратына ата-анасының қасына жерледі.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"