Депутат Дәулет Тұрлыхановтың тергеудегі ұлы әскери бөлімнен қашып кетті
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың тергеудегі ұлы Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кеткен. Бұл туралы заңгер Анна Чернова мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айтуынша, оған сол бөлім бастығының бақылауында болу бұлтартпау шарасы тағайындалған болатын. Ізін суытқан жігіт кешеден бері табылмай жатыр.
"BMW-мен кетіп қалған. Көрген адамдар болса, оның тергеуде екенін ұмытып кеткенін айтыңыздар", – деп жазды заңгер.
Айта кетсек, ақпан айында заңгер Анна Димитриевич күйеуі Олег Чернов екеуін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл соққыға жыққанын мәлімдеді. Көп ұзамай оның үстінен ҚР ҚК-ның 293-бабы “Бұзақылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Кейін депутат ұлының жасаған іс-әрекетіне қатысты пікір білдірген еді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен