"Жақсы көремін деп сирек айттым": Депутат Дәулет Тұрлыханов эфирде көзіне жас алды
Олимпиада ойындарының жүлдегері, мәжіліс депутат Дәулет Тұрлыханов журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында көзіне жас алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дәулет Тұрлыханов журналист Дина Төлепбергеннің тележобасына қонақ болып, эфирде жылап қалды. Айтуынша, ол қатал әке болған.
“Жақсы көремін деп сирек айттым. Еркінсіп кетпесін деп өсірдім. Тәртіп болуы керек, жылулықты анасы береді деп ойладық”, – деді депутат.
Ол ұлдарына хабарласып, оларды жақсы көретінін айтқан кезде көңілі босап кетті.
Дәулет Тұрлыхановтың кіші ұлы Нұрасыл Болат көшеде төбелесіп, ерлі-зайыптыны соққыға жыққан еді. Осы әрекеті үшін жазаға тартылып, 1,7 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді
Тұрлыхановтың ортаншы ұлы көшеде қызды ұрды деп айыпталды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі