Депутат батутта секіремін деп көз жұмды
Ресейде 54 жастағы Сергей Попович “Планета” сауда үйіндегі батутта секіремін деп өмірімен қош айтысты.

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.
Оқиға Красноярск қаласындағы ойын-сауық кешенінде болған. Попович Турухан аудандық кеңесінің депутаты қызметін атқаратын. Аудандық кеңес те депутаттың өлімін растады. Сергей 2015 жылдан бері халық қалаулысы міндетін атқарып келе жатыр екен.
Красноярск тергеушілері қазіргі кезде аталған жағдайға байланысты тергеуді бастап кетті. Алдын ала деректер бойынша, Попович ойын-сауық кешеніне әйелі және ұлымен бірге келген. Акробатикалық элементтерді орындау кезінде ол оқыс құлап, омыртқасынна жарақат алады. Оқиға орынына жеткен жедел жәрдем депутаттың көз жұмғанын хабарлаған.
Жіберіп алмаңыз:
Биыл қандай жолдар ақылы болады?
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"