Денсаулық сақтау министрлігі: Коронавируспен ауырған 217 науқастың жағдайы ауыр
Қазіргі уақытта 9 162 адам коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр.

Науқастардың 458-і балалар. Ауруханаларда 3041 науқас, амбулаториялық деңгейде 6121 науқас жатыр. 217 адамның жағдайы ауыр, 22-сі - өте ауыр, 23-і - жасанды тыныс алу аппаратымен жатыр.
Еске салайық, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияға оң ПТР-мен 588 науқас анықталды. 301 адам сауығып кетті. Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар 48 науқастың өкпе қабынуы дертімен тіркеліп, 2 адам қайтыс болып, 24 адам сауығып кетті.
Елде коронавирус жұқтырғандар саны 121 мыңнан асты.
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"
"Өш алу үшін жасады": ҚазҰУ-да жұмыстан кеткен оқытушылардың бірі даудың қалай басталғанын айтып берді
Жұмыстан босатылған 4 оқушының біреуі сұхбат берді