Қазақстанда оқушылар екінші тоқсанда мектептерде оқитын болды ма? Цой жауап берді
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балалардың мектепке қашан барып оқитыны жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі таңда біз бұл мәселені қарастырып отырмыз. Дегенмен оқушылар мектепке келгенде коронавирусты жұқтырып жатады. Онлайн оқыту балаларға бүгінде қауіпсіз болып отыр. Алдағы уақытта екінші тоқсанда мектеп оқушылары қалай білім алатынын айтатын боламыз", - деді Цой.
Бұған қоса министрдің орынбасары Ажар Ғиният коронавирус тіркелген мектептерді толығымен қашықтан оқытуға көшіру қарастырылып жатқан-жатпағаны жайлы сөз қозғады.
"Бұл мәселе бірінші тоқсан аяқталып, балалар каникулдан сабақ оқуға қайта шыққанан кейін қарастырылады. Міндетті түрде мемлекеттегі эпиджағдай ескеріледі", - деді вице-министр.
2026 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Кімді табыс күтіп тұр, кімдерге үйленуге қолайлы
Жылжымайтын мүлік рәсімдеуде мұқият болып, үлкен заттар сатып алуға асықпаңыз
2026 жылдан бастап Қазақстанда қандай саяси өзгерістер болады – Сарапшылар пікірі
Саясаттанушылар биыл ел саясатындағы болған өзгерістерге тоқталды