Денсаулық сақтау министрі Ashyq жүйесі мен қашықтан жұмыс істеу шаралары қандай жағдайда енгізілетінін түсіндірді
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният "қызыл" аймаққа өткен қалалар мен облыстарда Ashyq жүйесін қолдану және жұмысшылардың бір бөлігін қашықтан жұмыс істеуге жіберу міндеттелетінін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысында Ғиният "қызыл" аймақтарда шектеу шараларының екі кезең бойынша енгізілетінін айтты.
Бірінші кезең – 100 мың адам үшін ауруханаға түскендер саны 25-тен 50-ге дейін көтерілгенде. Бұл кезде бизнеске шектеу қойылмайды, ал жабық мекемелер мен қоғамдық көлікте маска тағу міндеттеледі.
Екінші кезеңде 100 мың тұрғынға шаққанда ауруханаға түскендер саны 50-ден асса:
- Ashyq жүйесін қолдану:
- Мейрамхана және т.б. жиын өткізген кезде сыйымдылығы 50%-дан аспауы керек;
- Білім беру мекемелерінде қосымша шектеулер енгізу;
- Ұйымдағы қызметкерлердің 30%-ын қашықтан жұмыс істеуге жіберу міндеттеледі.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен