Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Теннің анасы айыпталушыларға ең қатаң жаза беруді сұрады

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысы жалғасуда. Анасы соттан айпталушыларға ең қатаң жаза беруді сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сот залынан.

Оксана Тен бұған әлі де тергеуді жалғастырып, шетелден келген қоңырауларды анықтауды сұрады. Айыпталушыларға ең қатал жаза беруін өтінді.

“Бұл істі жемқорлыққа қарсы агенттікке беруді сұраймын. Олай етпеген жағдайда мен мына полицейлерді қайта сотқа берем. Соттың  қылмысқа қатысы бар детальдарына шара қолдануға әлі де мүмкіндігі бар. Алматы қалалық прокурорына аталған фактілерге сәйкес алдағы уақытта тергеу жұмыстарын жүргізу үшін жеке шешім шығару керек деп санаймын. Себебі шетелдік телефон қоңыраулары тексеріліп, куәгерлерден жауап алынған жоқ. Сонымен қатар оқиға орнында болған полицейлерге жауабы қайшы келгендіктен жеке шешім шығару керек деп есептеймін. Олар куәгер ретінде де жауап бере алады. Сот шешімін шығарар кезде соттан ең қатал жаза беруін сұраймын”, – дейді Оксана Тен.

Айта кетсек, бүгін өтіп жатқан сот жарыс сөзінде мемлекеттік айыптаушы аталған іс бойынша өтіп жатқан  Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал Жанар Толыбаеваға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрап отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау