Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баласынан айырылған қазақстандық әйелге аурухана миллиондаған өтемақы төлейтін болды

жүктілігінен айырылды
Фото: ЖИ

Жамбыл облысында жүкті әйел ауруханадағылардың салғырттығынан түсік тастап, мүгедек болып қалған. Сот ауруханадан науқасқа өтемақы төлеуді міндеттеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жүктіліктің 10-айында әйел аудандық ауруханада ерте токсикозбен емделіп жатқан. Ауыр жағдайына қарамастан, оған клиникалық хаттамаларға сәйкес толық медициналық көмек көрсетілмеген. Мерзімінен бұрын ауруханадан шығарып жіберген. Содан соң оның жағдайы тез нашарлап, шұғыл түрде облыстық ауруханаға жатқызылды, онда медициналық себептермен жүктілік тоқтатылды. Кейіннен талапкерге III топтағы мүгедектік тағайындалды.

“Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің тексерісінде медициналық қызметкерлердің көп заңбұзушылықтарын анықтады. Онда клиникалық хаттамаларды сақтамау, тексерулер мен емнің жеткіліксіздігі, мамандармен кеңесінің болмауы және медициналық жазбаларды дұрыс жүргізбеу анықталды. Тексеруден кейін аурухана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал дәрігерлердің бірі тәртіптік жазаға тартылды”, – делінген хабарламада.

Ұсынылған дәлелдемелерді бағалағаннан кейін сот жіберілген қателер талапкердің денсаулығының нашарлауына әкелді деген қорытындыға келді. Сот залалды өтеу туралы талапты қанағаттандырды.

Сот Б-ға 246 000 теңге материалдық залал, 5 миллион теңге моральдық залал және 300 000 теңге заңгерлік өкілдік ақысы бойынша өтемақы төлеу туралы шешім шығарды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 15 Маусым, 2026 11:54