Денені сауықтырудағы мидың рөлі анықталды
Германиядағы Макс Планк атындағы Метаболикалық зерттеулер институтының ғалымдары аштық мен сауықтыру арасындағы байланыста мидың шешуші рөлін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Nature Communications журналына сілтеме жасап.

Зерттеу барысында әдетте көп тамақтанатын тышқандарды төрт сағат бойы аш қалдырған. Мұны таңғы асты өткізіп жіберумен салыстыруға болады, бірақ тышқандар таңғы ас кезінде күнделікті калорияның 40 пайызын тұтынады. Содан кейін ғалымдар гипоталамустағы нейрондардың қысқаша аштыққа қалай жауап беретінін зерттеді. Нәтижесінде, AgRP тобының нейрондары денені тамақтануға ынталандыратын сигналдарды ғана емес, сонымен қатар аутофагияны белсендіретін сигналдарды да жіберетіні белгілі болды.
Бұл сигналдың берілуін блоктау аштыққа қарамастан аутофагияның белсендірілмеуіне әкеледі. Зерттеушілер мидың аутофагияны тез іске қосу үшін бастапқы сигнал береді деп болжайды.Ғалымдар бауыр жасушалары рециркуляция жүйесін де қоздырады деп санайды, бірақ тек кейінгі кезеңде.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды