Ақын Маралтай Райымбекұлының оныншы баласы дүниеге келді
Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Маралтай Райымбекұлының оныншы баласы жүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сүйінші! Қабылан Маралтайұлы", – деп жазба қалдырды ол.
Әріптестері мен достары ақынды жарыса құттықтап жатыр.
"Бүгін Маралтай-дос ұлды болыпты. Құтты болсын! Оныншы бала. Бұйырса, келесі жылы футбол командасына толық жетуі мүмкін.
Осыдан бес-алты жыл бұрын: "Қырық беске келдік. Енді бітті" бағытында сөйлеп қалғандарды құлағым шалған.
"Құнсыз сәт": Тимур Балымбетов серіктесе босанудан қорқатын ерлерге оның қалай жүзеге асатынын айтты
Мəкең секілділер қазақты өзі ғана көбейтпей, айналасына үлгі көрсетіп жүр. Алла тағала риза болсын! Мəкең поэзияның ғана емес, демографияның да кентавры", – деп жазды Алданазар Жайлыұлы.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы