20 сантиметрге дейін қар жауады: Қазгидромет демалыс күндері ауа райы қандай болатынын жариялады
Алдағы үш күнде скандинавиялық циклон біртіндеп ел аймағынан тысқары шығады. Бірақ Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа-райы, боран мен екпінді жел және көктайғақ сақталады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Қазгидромет ақпаратынша, атмосфералық қысымның жоғарылауы, жауын-шашынның қысқа мерзімді тоқтауы болжанып отыр.
Еліміздің солтүстігінде түнде 20-28, күндіз 15-20 градус болады. Ал оңтүстік аймақтарда Иран жағынан келетін оңтүстік циклон әсерінен жауын-шашын, жаңбыр, желдің күшеюі, тұман және көктайғақ құбылыстары күшейеді.
Айта кетейік, Алматыда 12 ақпанда сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін биіктігі 20 см-ге дейін қалың қар жауады деп болжанып отыр. Бұл ақпан айындағы орташа айлық жауын-шашынның шамамен 40%-ына тең. Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері дайындық жұмысын бастап кетті.
Бұған дейін Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров әлеуметтік желісінде өңірдегі боран жөнінде бейнежазба жариялағанын жазған едік.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан