ДДСҰ коронавирустың екінші толқыны жоқ деп мәлімдеді
Коронавирустың түрлері мен формалары Covid-19 пандемиясының екінші толқыны жоқ екенін көрсетеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ДДСҰ-ға сілтеп. Бұл туралы ұйымның төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры Дорит Ницан айтты.

"Коронавирустың түрлері мен формалары пандемияның екінші толқыны жоқ екенін көрсетеді", - деді Ницан "Пандемия-2020: қиындықтар, шешімдер, салдары" конференциясында.
Оның айтуынша, "қазіргі уақытта (коронавируспен ауыратындар саны) өсіп жатқан, керісінше, жұқтырғандар саны азайған елдер қатары да көп. Біз бұл жағдайға күнделікті негізде қараймыз, төмендеу (жұқтырғандар саны) бар елдердегі жағдайды зерттейміз", - деп атап өтті ДДСҰ өкілі.
- ДДСҰ тұмауға қарсы вакцинацияның коронавируспен күресте жәрдемі тиетіні туралы айтты
- Қазақстанда 15 қазаннан кейін қатаң карантин енгізіле ме - Министрлік түсініктеме берді
- Коронавирустың екінші толқыны келе жатыр: Алексей Цой қазақстандық медицинаның дайындығы туралы айтты
Ницан көптеген адамдар коронавирустың өте қауіпті ауру екенін түсінбейді деп атап өтті. Өйткені әлемдегі халықтың тек 5 пайызы ауыр халде.
"Бірақ бұл 5 пайызы қатты зардап шегеді, олардың өміріне қауіп төніп тұр, айту қиын", - деп қосты Ницан.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді