AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДДСҰ басшысы қазақстандық вакцинаға қатысты мәлімдеме жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен видео конференция режимінде кездесу өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев ДДСҰ басшысына Қазақстанда коронавируспен күресу үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді.

Президент қазақстандық QazVac вакцинасының клиникалық сынамаларының алдын ала нәтижелері туралы айтты. Отандық вакцинаның тиімділік деңгейі - 96 пайыз. Қазіргі уақытта салалық органдар отандық вакцинаға келісім алу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен жұмыс жүргізіп жатыр.

Тедрос Адханом Гебрейесус Қасым-Жомарт Тоқаевтың пандемияға қарсы күрестегі еңбегіне жоғары баға берді.

"Бүгінге дейін 2 миллион адамға вакцина салынған екен. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Көптеген ел мұндай деңгейге жеткен жоқ. Халықтың 55 пайызына екпе саламыз деген мақсаттарыңыз қолдауға тұрарлық", – деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы.

Сонымен қатар ол QazVac екпесінің әзірлемесін қолдайтынын және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдай кезінде пайдалануға болатын дәрі-дәрмектердің тізіміне қосу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін айтты.

Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан мен ДДСҰ арасындағы, атап айтқанда, коронавирус пандемиясына қарсы іс-қимыл бойынша ынтымақтастықты нығайтудың перспективалары қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ДДСҰ-мен арадағы ықпалдастықтың деңгейін жоғары бағалады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Бас директорының айтуынша, қыркүйек айына қарай жер шарындағы халықтың 10 пайызына екпе егіліп, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 30 пайызға жетуі керек.

Мемлекет басшысы елімізге нақты көрсеткен қолдауы, яғни пандемияның алғашқы айларында қорғаныш құралдары мен медициналық жабдықтарды жеткізіп бергені үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына ризашылық білдірді.

Бұдан өзге, тараптар алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің даму перспективаларын, атап айтқанда, 2018 жылы қабылданған Астана декларациясын ілгерілету мәселесін қозғады. Осы орайда Мемлекет басшысы Қазақстанның бастамасы бойынша әзірленетін Алғашқы медициналық-санитарлық көмек туралы саяси резолюцияны қолдауға шақырды. Аталған құжат 2022 жылы өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының кезекті сессиясында қабылдануы мүмкін. Резолюция жобасында Астана декларациясының міндеттері мен Алғашқы медициналық-санитарлық көмек механизмдері қамтылған. 

"Қасым-Жомарт Тоқаев Тедрос Адханом Гебрейесусқа "One Health" бағдарламасы аясында дайындалған Орталық Азияның әлеуетін арттыру жөніндегі Қазақстанның пилоттық жобасын ұсынды. Бұл жоба ауру мен биоқауіпсіздікті бақылаудың өңірлік орталығын құруды мақсат етеді.

Тараптар пандемияның сын-қатерлерін еңсеру мақсатында тығыз ынтымақтаса жұмыс істеуді жалғастыруға уағдаласты. Мемлекет басшысы Қазақстанның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құндылықтары мен мақсаттарын одан әрі ілгерілетуге әзір екенін нақтылады", - деп жазды президенттің баспасөз қызметі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр