Дәурен Айдарқұлов алғаш рет отбасылық суретін жариялады
Ел арасында Ақбота екеуінің байланысы туралы ақпарат тарап кетсе де, әзілкеш Айдарқұлов соңына дейін шындықты жасырып келді. Суретін жарияламақ түгілі, шындықты сұраған жандардан басын ала қашты. Жеке өмірін жария етпейтінін мәлімдеді. Солай етті де.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Тек белгілі блогердің кеңесінен кейін Дәурен Ақботаның суретін жеке парақшасына жүктеп, шындықты айтты. Ал кеше ол алғаш рет отбасылық суретін жариялады.
Бұл ретте желідегілердің басым бөлігі жұпқа ұрсуын қойып, оларға бақыт тіледі. Кейбіреулер, тіпті, Дәурен мен Ақботаның бір-біріне ұқсайтынын айтып жатты.
“Керемет жұпсыздар, бақыт сіздерге”, “Қатты ұқсайсыздар, бақытты болыңыздар”, “Сіздер негізі бір-бірлеріңізге ұқсайды екенсіздер”, “Екеуіңіз бір біріңіз үшін жаралғансыздар”, “Жарасымды жұпсыздар”, – деп ақ тілектерін білдірді желідегілер.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды