Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Даудың басын қайтарып": Жанар Айжанова жас отбасыларға ақшаны қалай жинау керегін үйретті

Жанар Айжанова жас отбасыларға ақшаны қалай жинау керегін үйретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Даудың басын қайтарып: Жанар Айжанова жас отбасыларға ақшаны қалай жинау керегін үйретті

Танымал өнер иесі ененің балаларының тапқан қаражатына араласуы туралы айтты. Осы жолы үлкендердің жағына шыққан ол ене жас келін ақшаны босқа жұмсамай, болашағы үшін қамдансын деп уайымдайды дейді. Сол себепті отбасын жаңадан құрған қыз-келіншектерге ененің ақылына құлақ түруге кеңес берді ол. Алайда, енелер тауықтың орнына ет алып, тамақ жасауды да үйретуді ұмытпауы керек дейді.

"Сіз келін мен баланың ақшасына араласасыз ба? Көбіне отбасында сол үшін де соғыс болып жатады. Жасыратыны жоқ қазір жастар табыстарын өздері ұстайды. Бірақ көбісі не болса соған ретсіз жұмсап, бекерге ақшаларын құртып жатады. Дайын асхананың тамақтарын алып жейді болмаса, тапсырыс беріп бірдеңелер ала салады. Міне осы кезде өмірден жиған-тергені бар ененің жастарға ақылы ауадай қажет. Бұл жағдайда жас келін енеге міндетті түрде құлақ түргені дұрыс", - дейді Жанар Айжанова. 

Осылайша Жанар Айжанова жас отбасыларға ақша жинауды үйреткен. Бір уақыт ененің кеңесіне құлақ асып, ақшаңызды үнемдеп үйренсеңіз ең дүрысы сол. Ал болмашыға қаражат құртып, бір күндік қуаныш үшін шашылсаң, оның арты жақсы болмайды дейді ол. 

"Мысалы ақшасы бар бірақ, тамақ істеу үшін күнде штуктап окорачка алып жүрген келінге енесі 10-15 келіден ет алып, содан түрлі тамақ істеуді үйретсе қандай керемет. Бір жағынан эконом әрі табиғи үйдің таза тамағын жейсің. Қалған ақшаны үй, көлік алуға немесе өз балаларының болашақ оқу, жүріп тұруына тиындап жинауды үйретер еді. Олар ойлайды баламыз жас, өсем дегенше ақша жинап үлгереміз деп. Ол дұрыс емес. Аналарымыз айтып кеткен "алты жастан жинасаң асар, жеті жастан жинасаң жетіп жығылар" деп. Қазір баяғыдай кететін қызға деп сандық толтырып дүние жинамайды. Ақшаң болса дүкенде, базарда бәрі бар", - дейді Жанар Айжанова. 

Жанар Айжанова жас отбасыларға кемінде табыстың 10 пайызын жинап қойған жөн деп ақыл айтты. Бұл туралы жастарға енелердің де түсіндіргені абзал дейді ол. Өзі келінді болмаса да, бауырларының келіндеріне ақылын айтып, жәрдемдесетінін жеткізді әнші. Сонымен қатар, келіндер мен енелерге айқаймен іс бітпейтінін түсіндіріп берген. 

"Сондықтан жас отбасы табыстарының 10% ерінбей жинап отырғаны дұрыс деп ойлаймын. Ене әр нәрсені ушықтырмай дер кезінде түсіндіріп айтып, шешуін тауып отырса отбасының берекесі нығая берер еді. Мен келін түсірмесем де, жан-жағымдағы бауырларымның келін балалары түгел қанатымның астында деп айтар едім. Соларға білгенімді үйретіп жүріп, енелеріндей болып кеттім. Талай даудың басын қайтарып, ынтымақтарын сақтап қалуға үлесімді қостым. Құр айқай-төбелеспен ештеңе де бітпейді. Бір шаңырақтағы екі әйелдің ауызбіршілігі арта берсін. Ұйытқы мықты болса - айран ірімейді", - дейді Жанар Айжанова. 

Талқылау