Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дарья Александрова қасиетті ұнды қорлағаны үшін айыпталды (фото)

Дарья Александрованың жартылай жалаңаш түскен суреті жұртты шулатты.

14566805_520639061606417_6534552394494115840_n

Бұл туралы Stan.kz  хабарлайды.

Күні кеше актриса Дарья Александрова ішкиіммен түскен суретін көрсетті. Аталған суретте бойжеткеннің қолында оқтау тұр. Мұнымен қатар, үсті ұнға малынған. Желі қолданушылары оны қасиетті ұнды қорлағаны үшін әбден сынады.

“Адамның сырты бүтін, іші түтін болуы мүмкін. Ал мұндай ұятсыз суретті адам өзінің дүниетанымына сай әртүрлі көреді”, – деп жазды Дарья кезекті суретінің астына. Актрисаның “сүйікті” пікір жазушылары бұрынғы әдетіне басып, жағымсыз пікірлерін жарыса жазды. Арасында оны қорғап сөйлегендер де болды.

“Тәніңіздің мінсіздігіне сөз жоқ! Бірақ ұнның қасиетті екенін ескермеген сияқтысыз!”, “Мұны балаларың көрген кезде, естерінен адасатын шығар”, “Суретте ұн емес. Тынышталыңыздар! Кокаин”, “Ал маған сурет ұнап тұр”, “Саған жұрттың назары жетіспей жүрген сыңайлы”, “Мұндай ашық-шашық суреттеріңізбен өзіңіздің құныңызды түсіріп алатыныңызды неге түсінбейсіз?! Мұндай суреттер кей адамға ұнамауы мүмкін. Оны желіге жүктеудің не қажеті бар?”, “Ұн деген – нан. Ал нанмен мұндай дүниелер жасамайды”, “Сіздің анаңыздың мұндай суреттерге көзқарасы қандай? Менің білуімше, ол кісі де әлеуметтік желіде отырады”, “Сенің ақыл-есің дұрыс па? Сен Қазақстанда тұрып жатырсың. Бұл – мұсылмандар тұратын мемлекет! Сен сияқтылар жігіттерді құртады. Олар суреттеріңді көріп алып, қыздарға тиісе бастайды. Менің Отанымда тұрғың келмесе кет! Ұялмайсың ба?!” деп жазады олар.

Аталған суретке Дарья Александрованың анасы лүпіл басқан екен. Бұл көптеген желі қолданушысының сұрағына жауап болған-ды. Бұдан өзге актриса Кәрім Қадырбаевтың фейсбуктегі жазбасын бөлісті.

“Бұл менің “сүйікті” пікір жазушыларыма арналған сурет. Каримычты жақсы көремін. Күнде таңертең бірінші соның парақшасын қараймын. Дөп басып айтқанымен қоймай, ісі сөзіне сай. Көңіл-күйіңді әп-сәтте көтеріп жібереді. Фейсбук желісіне оның жазбаларын оқу үшін тіркелуге болады”, – дейді Дарья.

Безымянный

“Күндіз инстаграм желісіне кірдім. Біреу су киімімен түскен суретін салыпты. “Жезөкше! Біздің ата-бабаларымыз бұлай жасамаған! Сен олардың алдында ұялмайсың ба?” сынды стандартты пікірлер жазыпты. Біз парадоксальды қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Баяғыда өліп қалған адамдардың алдында ұялудың не керегі бар? Одан да бөтен адамды “жезөкше” деп қорлауға ұялмайсыңдар ма?!” – дейді Кәрім Қадыров.


Жіберіп алмаңыз:

Димаштың анасы: Ұлым байқауда қазақ тілінде ән шырқайды

Мақпал Исабекованың кезекті фототүсірілімі көпшілікті шошытты (фото)

Жігер Ауыпбаевтың «Меломен» тобынан кетуіне діннің еш қатысы жоқ

Димаш Құдайбергенов «Америка дауысына» шақырту алды

Талқылау