Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер науқастың ішегінен тірі тарақан тапты

Үндістанда ер адам іші ауырсынатынын айтып, дәрігерге шағымданған. Нәтижесінде медицина қызметкерлері науқастың аш ішегінен тірі тарақан тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

23 жастағы ер адам бірнеше күн бойы іші мен асқазаны ауырып жүргенін айтып, дәрігерге жүгінген. Дәрігерлер науқасты тексерген соң ауырсынудың ешқандай себебін таппаған. Сөйтіп ер адамға эндогастроскопиялық тексеру жасауды ұсынған. Мамандар камерасы бар арнайы түтік арқылы науқастың асқазанын, одан кейін аш ішектің жоғарғы бөліктерін тексерген. Дәрігерлер ішектен тірі тарақанды тапқанда шошып кеткен. Жәндікті тіпті асқазан сөлі де өлтіре алмаған.

“Дәрігерлер тарақанды эндоскоп арқылы алып тастауды ұйғарды. Олар екі жұқа түтікшені түсіріп, біреуімен сұйықтық жіберіп, ал екіншісімен сорып алмақ болды. Осылайша адам ағзасындағы тірі жәндікті алып шықты. Тіпті науқастың ішінен шыққан соң да 3 сантиметрлік тарақан тірі еді”, – делінген басылымда.

Сөйтсе, науқас тарақанда абайсызда жеп қойған. Ер адам дер кезінде дәрігерлерге жүгінген. Мамандар науқас дер кезде келмегенде мұның соңы бактериялық инфекция тудырып, тіпті өлімге алып келуі мүмкін екенін айтты. 

Талқылау