Дәрігерлер көз арқылы өлім қаупін анықтауды үйренді
Жапонияда дәрігерлер жүрек жеткіліксіздігі бар науқастар арасында ерте өлім қаупінің жаңа индикаторын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғалымдардың айтуы бойынша, қарашық аймағы мен жүрек жеткіліксіздігі бар науқастардың өлімі арасында байланыс бар. Зерттеуге 870-тен астам пациент қатысты.
Мамандар анықтағандай, жүрек жеткіліксіздігі және кішкентай қарашығы бар адамдар үлкен қарашығы бар науқастармен салыстырғанда екі есе көп қайтыс болды. Сонымен қатар, қатер аймағындағы науқастар 50 пайыз қайтадан ауруханаға түсуі мүмкін, ал үлкен қарашықтары бар науқастар ауруханаға екі есе аз келді.
Ғалымдар бұл байланыстың нақты себептерін әлі анықтаған жоқ. Бірақ олар қарашықтың кеңеюіне қабілетсіздігі дененің функцияларын реттеуге жауапты автономды жүйке жүйесінің дисфункциясымен байланысты екенін анықтады.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген
"Ұятпен қорғалған қатыгездік": 10 жыл бұрын топтық зорлық құрбаны болған Жібек әділдікке қалай қол жеткізді
Сот төрт айыпталушыны кінәлі деп таныды