Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Онкоурологиялық аурулардың алдын алу: 27 маусымда Қазақстанның барлық онкологиялық орталықтарында бірыңғай ашық есік күні өтеді

27 маусымда Қазақстанның барлық онкологиялық орталықтарында онкоурологиялық аурулардың алдын алу және оларды ерте анықтауға арналған Бірыңғай ашық есік күні өтеді.

Іс-шара 2026 жылғы 15–25 маусым аралығында өткізілетін онкоурологиялық аурулардың алдын алу жөніндегі республикалық ақпараттық науқан аясында ұйымдастырылуда. Науқанның мақсаты – халықтың несеп-жыныс жүйесі ауруларының қауіп факторлары, алдын алу шаралары және дер кезінде диагностикадан өтудің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру.

Ашық есік күні барысында тұрғындар мамандардың тегін консультациясын алып, профилактикалық тексеруден өтіп, ерлер мен әйелдер денсаулығын сақтау мәселелері бойынша ұсыныстар ала алады.

ҚазОжРҒЗИ деректеріне сәйкес, қуықасты безінің обыры онкоурологиялық аурулардың ішінде ең көп таралғандарының бірі болып қала береді. Елімізде жыл сайын қуықасты безі обырының 1 600-ден астам жаңа жағдайы тіркеледі, ал осы диагнозбен 8 мыңнан астам пациент диспансерлік есепте тұр.

Онкоурологиялық аурулардың құрылымында бүйрек обыры мен қуық обыры да маңызды орын алады. Бұл аурулар ерте кезеңдерде көбіне симптомсыз өтетіндіктен, жиі ісік үдерісі таралған сатыда анықталады.

Қазақстанда жыл сайын бүйрек обырының 1 700-ден астам жаңа жағдайы және қуық обырының 900-ден астам жағдайы анықталады. Қазіргі уақытта бүйрек обырымен 11 мыңнан астам, ал қуық обырымен 5 мыңнан астам пациент диспансерлік есепте тұр.

Мамандар дәрігерге уақтылы қаралу, тұрақты профилактикалық тексерулерден өту және өз денсаулығына мұқият қарау онкоурологиялық ауруларды емдеу тиімділігі ең жоғары болатын ерте кезеңдерде анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтеді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Алматы қаласындағы ҚазОжРҒЗИ-де өтетін ақпараттық науқан мен Бірыңғай ашық есік күні аясындағы іс-шараларды жариялауға шақырылады.

Журналистер үшін қолжетімді болады:

  • Қазақстанның жетекші онкоурологтарының қабылдауы және пікірлері сілтеме бойынша https://www.instagram.com/p/DZ4feihs6UX/ ,  https://www.instagram.com/p/DZ4j2ggM3cQ/);
  • диагностика, емдеу және алдын алудың заманауи әдістері туралы ақпарат;
  • пациенттермен сұхбаттар және ауруды ерте анықтау нәтижесінде сәтті емделу оқиғалары;
  • іс-шараларды фото және бейнетүсірілім жасау мүмкіндігі.

Өтетін күні: 2026 жылғы 27 маусым (сенбі)

Өтетін орны: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 91

Stan.kz
Сейсенбі, 23 Маусым, 2026 13:13