Дәрігерлер қызыл алақан қауіпті аурудың белгісі екенін айтты
Қызыл алақан қауіпті аурудың себебі болуы мүмкін - алкогольсіз стеатогепатит. Бұл туралы АҚШ-тағы "Мэйо" клиникасының мамандары айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Олардың айтуынша, болашақта бұл ауру бауыр циррозына айналуы ықтимал.
Сонымен қатар, оның белгілері арасында сарапшылар шаршауды, іштің жоғарғы оң жақ бұрышындағы ауырсынуды және қолайсыздықты, ентігуді, тері астындағы қан тамырларының кеңеюін, көз бен терінің сарғыш түсін атады.
Қазіргі уақытта кейбір пациенттің бауырында неліктен май жиналатыны белгісіз, бірақ оны дәрігерлер артық салмақ, екінші типті қант диабеті және инсулинге төзімділікті қоздыратын факторларға жатқызады.
Алкогольсіз стеатогепатиттің алдын алу үшін дәрігерлер дұрыс тамақтануды, дене салмағын қалыпты ұстауды және үнемі жаттығулар жасауды ұсынады.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан