Қазақстандық дәрігерлер баланың ішегінен магнит пен бұранда алып шықты
Фото: Қалалық балалар клиникалық ауруханасы
Іші қатты ауыратынын айтып, шағымданған бала қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жедел жәрдеммен жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Анасы баланың іші қатты ауырғанын айтты.
“Уақыт өтсе де жағдайы жақсармады, ішінің ауырғаны басылмады. Сондықтан біз көмекке жүгініп, баланы ауруханаға жеткіздік”, – дейді анасы.
Қабылдау бөлімшесінде кезекші хирургтар баланы тексеріп, іш қуысын рентгенге түсіретін болды. Дәрігерлердің айтуынша, тексеру барысында ішекте бөгде заттар анықталған. Оның ішінде магнит, бұранда және металлзат болған.
Тексеруден кейін бала балалар хирургиясы бөлімшесіне жатқызылып, шұғыл операция жасалды.
“Операция барысында ішектен бөгде заттар алынды: магнит, бұранда және алтыбұрышты гайка”, – деді мамандар.
Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында жатып ол қажет ем алып жатыр.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен