Дәрігер пневмониядан кейін өкпені қалыпқа келтіруге көмектесетін әдістерді атады
Ресейлік дәрігер-терапевт, пульмонолог Алексей Никишенков пневмониядан кейін өкпені қалыпқа келтіруге көмектесетін әдістерді атады. Оның сөзінше, физикалық белсенділік пен тыныс алуға бағытталған жаттығулар сіздің денсаулығыңызға оң әсер береді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Пятый канал" басылымына сілтеме жасап.

Дәрігер аурудан айыққан соң өкпені қалыпқа келтіруде скандинавиялық жүрістің тиімділігі көп екенін айтады. Бұл жаттығу қол, аяқ, арқа және кеуде бұлшық еттерін жақсартады. Дұрыс тыныстаған жағдайда өкпе жүйесін де нығайтады екен. Сонымен қатар пульмонолог өкпені қалыпқа келтіруде скандинавиялық жүрістен бөлек, велосипед тебу, роликпен сырғанаудың да пайда екенін атап өтті.
Никишенков тез қалыпқа келу үшін күн режимін сақтап, дұрыс тамақтану керегін, таңғы жаттығу жасауды естен шығармаған жөн екенін айтты.
"Тыныс алу жаттығулары диафрагманы, қабырға аралық бұлшық етті нығайтып, қан айналымын жақсартады, қан оттегімен қанығады", - деп түсіндірді маман.
Талқылау
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?
Жастар кеңседе отырғысы келеді, қол жұмысынан қашады