Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер метапневмовирустың кімдер үшін қауіпті болуы мүмкін екенін айтты

Вирусолог Витадий Зверев метапневмовирус жасқа толмаған балалар мен қариялар үшін қауіпті екенін ескерті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Парламентская газета" басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

вирус сток

Фото: pixabay.com

Зверевтің сөзінше, ЖРВИ арасында метапневмовирус небәрі 1% ғана алады. Ол бұл вирустың бұған дейін де болғанын және екі адамдар тобы үшін қауіпті екенін жеткізді. Ең алдымен, жасқа толмаған балалар қатер алдында дейді, себебі ауру пневмонияға айналып кетуі мүмкін. Сондай-ақ созылмалы дерті бар қариялар үшін де вирус жұқтыру денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін. 

Зверев мұның себебін метапневмовирусты емдеудің айқын жолының жоғымен байланыстырды. Ем шаралары ауру белгілерін жеңілдетуге бағытталған екен. Сондықтан вирусолог өзге әдіс-тәсілдерді жасамау керегін ескертті. 

Еске салайық, бұған дейін мамандар жаңадан тараған метапневмовирустың қаупі туралы айтқан еді. Молекулалық биолог Ольга Матвеева метапневмовирусы (HMPV) алғаш рет 2001 жылы Нидерландта пайда болғанын және бұл вирус адамдар арасында әлдеқайда ертерек таралғанын айтады.

Талқылау