Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Дәрігер маман құлпынайдың күтпеген пайдалы қасиетін айтты

Медицина ғылымдарының докторы, диетолог Михаил Гинзбург құлпынайдың күтпеген қасиетін ашты. Маманның айтуынша, жидек қатерлі ісік қаупін азайтады, қартаюды бәсеңдетеді және есте сақтау қабілетін жақсартады, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Құлпынайдың құрамында онкопрофилактикалық әсері бар галл қышқылының туындылары - галлаттар бар", - деді Гинзбург. 

Дәрігер ісіктің даму кезеңдерінің бірі ангиогенез деп аталатын қан тамырларының енуінен болатынын түсіндірді.

"Галлаттар - бұл тамырлардың дамуын бәсеңдететін факторлардың бірі. Сонымен қатар құлпынай емдеуден кейін аурудың қайталану ықтималдығын азайтады”,- деп қосты маман. 

Сондай-ақ дәрігер құлпынайда қартаюға қарсы күшті фактор болып табылатын флавоноидты биологиялық белсенді зат квертицин көп екенін айтты.

Диетологтың айтуынша  құлпынай есте сақтау қабілетін де жақсартады.

"Құлпынай мидың барлық функцияларын, соның ішінде когнитивті функцияларын жақсартады. Кверцетин мидың тамыр қабырғасының күйін жақсартады",- деп түсіндірді дәрігер.


Гүлсезім Мұхатай
Жұма, 20 Мамыр, 2022 10:12
Талқылау