Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер қою шайдың зиянын айтты

Диетолог және кардиолог Асият Хачирова Бесінші арнаға берген сұхбатында қою шайдың қандай жағдайда зиянды болатыны туралы айтып берді. Маман шай құрамында қабынуға қарсы және антиоксидантты әсерге полифенол мен флавоноидтың болатынын қосып өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

шәй

Дәрігер қою шайды көп мөлшерде тұтыну "мастануға" алып келетінін айтады. 

"Мұндай жағдайда қан қысымы көтеріліп, тамыр соғысы жиілейді, адам мазасызданып, қимыл белсенділігі артады және эйфория сезімі пайда болады. Артынша бұлар жүрек айну мен әлсіздікке әкеп соғады", - деп ескертті Хачирова. 

Бұл симптомдар қан құрамында шай кофеині – теиннің көп мөлшерде болуымен байланысты. 

"Сондықтан егде жасқа келген жандар мен балаларға тұтынуға болмайды", - деп қосты дәрігер. 

Диетолог шай құрамындағы қосымша заттардың да адамға зиян тигізе алатынын айтады. Мысалы, Кавказда кептірілген шайға майтамыр қосады. Сусынға қосылған шөп бауыр жұмысына зиянды болуы мүмкін.

"Майтамыр құрамында алкалоид пирролизин бар. Оның бауыр зақымдануына әкеп соғатыны дәлелденген. Сондықтан мұндай шайды асқан сақтықпен қолдануға кеңес беремін", - деп мәлімдеді дәрігер. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр