Дәрігер қоғамдық дәретхананы қалай дұрыс пайдалану керегін айтты
Жедел жәрдем дәрігері Пунам Десаи қоғамдық әжетхананы пайдалануда көп адамның жиі жіберетін қателіктері туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігер дәретхана отырғышының үстіне шықпай, оған отыруға кеңес береді. Айтуынша, бұл гигиеналық тұрғыдан анағұрлым қауіпсіз. Сондай-ақ адам отырғышқа қалыпты күйде отырмаса жамбас бұлшықеттерін зақымдап алуы мүмкін. Өз қауіпсіздігіңіз үшін бір рет қолдануға арналған төсемдерді пайдаланған жөн.
“Дәретханаға арналған арнайы төсемдерді пайдалансаңыз, микроб жұқтырып алу қаупі әлдеқайда төмен болады. Ал біреудің нәжісіне отырып қалсаңыз, біріншіден бұл өте жағымсыз сезім тудырады, екіншіден, денсаулыққа айтарлықтай зиян келуі мүмкін”, – дейді дәрігер.
Бұған дейін сарапшылар магнит дауылы кезінде адамдарға не істеуге болмайтынын айтты.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді