Дәрігер депрессия тудыратын тағамдарды атады
Ресейлік эндокринолог Виктор Жиляев депрессияның даму қаупін батыстық тамақтану стилі едәуір арттыратынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігер майлы өнімдер: шошқа еті, қой еті, ашытылған сүт өнімдерінің кейбір түрлері меңзеп отыр. Сондай-ақ батыстық тамақтану стиліне шұжықтар, жартылай фабрикаттар және басқа да ұқсас тағамдар да бұған кіреді.
Ғалымдар қара шайдың ел күтпеген пайдасын атады
Депрессияның негізгі себепшілері – холестерин мен глюкоза. Атап айтқанда, жедел көмірсуларды тұтынғанда көңіл күй өзгеріп, апатия пайда болады.
Сонымен қатар эндокринолог кофе ішуді созылмалы шаршау мен ұйқының жетіспеушілігі бар адамдарға шектеуге кеңес берді. Осы ретте Жерорта теңізінің тамақтану стиліне көшуді ұсынды. Оған балық, теңіз өнімдері, көкөніс, жемістер мен өсімдік майлары кіреді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі