Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Бадықова: Ақшасы жоқ жігіттеріне қымбат сыйлық алғызып жүрген қыздардан ертең қандай әйел шығады?

Дариға Бадықова ақшасы жоқ жігіттерді қарызға батырып жүрген қыздар жайлы тағы жазба жариялады. Актриса қазірден аузын арандай ашатын қыз ертең жөні түзу әйел болмайды дегенді айтты. Өмірден алынған мысалдарды келтіріп, жігіттерге кеңес етті.

Дариға Бадықова бұған дейін де қалталы азаматтарды аңдитын қыздар туралы айтқан еді. Тағы осы тақырыпты мысалдар келтірді. 

“Сіздерге қалталы азаматтарды аңдитын қыздар туралы айтқан едім. Жазбам барлық желіге шығып кетті. Сіздердің пікірлеріңізді толықтай оқып шықтым. Бір оқырман құрбысы жайлы жазыпты. Ол жігітіне әр нәрсені тұлпалдап, сыйлық алғызып алатын көрінеді. Арзан емес, қымбат сыйлықтар алғызады. Телефон, айфон, эйр-подс. Жігіт бәрін алып береді. Енді үйленуге ұсынысты да әдемі локацияда, арнайы видеографпен, чики-пуки жасауың керек деп жүр екен. Ол жігіт қарапайым жұмысшы. Байдың баласы да емес. Қарызданып, қауғаланып, жалақымен жүрген жан екен”, – деп жазды Бадықова.

Бадықова “Қыздың ойын, мінезін білген жігіттер не себепті оған көне түседі?” деп түсінбей дал. Есі дұрыс жігіт қыздың ойын да, мақсатын да ұғын керек дейді.


Дариға Бадықова күйеуін көрсетті (видео)


 

“Осындай қыздарды көре тұра неге жігіттер басын алып қашпайды? Неге дегенін істеп жүре береді екен? Қазірден аузын арандай ашса, ертең одан қандай әйел шығады? Неге соны ойламайды? Әлде іздегендері сол ма? Әрине, бай жігіттер, сұрамай-ақ сыйлық беретін жігіттер де, сыйлық сұрамайтын ниеті дұрыс қыздар бар. Ал ақша қуғандар одан да көп. Сондықтан кімнің кім екенін танып алу керек секілді. Әлде мен ескіше ойлап отырмын ма? Мен ғана ма солай ойлайтын?”, – деп жазды актриса.

Желі қолданушылары актрисаның сөзіне қосылады. Әрқайсысы өз пікірін айтты. Бірі жігіттерді, бірі қыздарды кінәлады. 

“Сондай аузын апандай ашатын қыздарға Айсарадай ене келсін”, “Сіздің әр жазған постыңызды сіздің дауысыңызбен оқимын ғой”, “Маған қатты ұнайсыз сізді қатты жақсы көремін актерлық шеберлігіңіз керемет. Шынайы ойнайсыз рольді. Сөйлеген сөзіңіз мәнермен тамаша сөйлейсіз”, “Дұрыс емес, әрине, ондай. Ол расымен де ертең әйел болып жарытпасы анық. Сүйген қыз сыйлық сұрамайды. Жігіттің өзі-ақ шамасы болса, алып береді. Өйткені жақсы көріп тұр ғой ол қызды. Ал егер қалталы азамат керек болса көп қой солармен-ақ жүре қойсын. Оның өзі оған бақыт алып келетініне күмәнім бар”, – деп жазды желідегілер.

Талқылау