"Дәмхананың терезесі сынып, адамдар ұшып кеткен": Жамбыл облысындағы жарылыс кезіндегі видео жарияланды
Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде мейрамханада орын алған жағдайдың видеосы желіде кең таралуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі AIBAT жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Әскери бөлімшеге жақын орналасқан дәмханалардың бірінде жарылыс болған сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдың басында жарылыстың терезеде бейнесін айқын байқауға болады. Артынша бірнеше минут өтпей жатып, жарылыс дәмхананың терезесін сындырып, адамдарды жан-жаққа ұшырып жіберген. Камераға, сондай-ақ сауық кешенінің жабық қақпасынан секіріп өтіп қашқан әскери форма киген адамдар түсіп қалған.
Еске салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"