Cотта Салтанат Нүкенованы мейрамхананың дәлізінде ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео көрсетілді (18+ видео)
Қуандық Бишімбаевтың соты барысында "Бао" мейрамханасының дәлізінде Салтанат Нүкенованың соққыға жығылған сәті түсірілген видеоматериалдар көрсетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот залында көрсетілген кадрлардан ерлі-зайыптылардың лифттен қалай шыққаны және Бишімбаевтың Нүкенованың шашынан ұстап, қолымен ұрып, алған соққыдан әйелінің құлап қалғаны көрсетілген. Сосын оны төрт рет тепкілеген. Осыдан кейін ол тағы да оның шашынан тартып, көтеріп, бетінен қолмен ұрады. Содан кейін тағы бір соққы жұмсайды. Нүкенованы шашынан сүйреп дәретханаға, содан кейін дәл солай - шашынан сүйреген күйі VIP кабинаға алып кетеді.
Осылай жұдырық жұмсау екі минутқа созылады. Нүкенова бұл кезде қарсыласуға тырыспайды және Бишімбаевқа қарсы ұмтылмағанын анық көруге болады. Керісінше ол соққыдан сақтану үшін бұғып, Бишімбаевтан қашуға тырысқанын байқау қиын емес.
Адвокатының нақтылау сұрағына Бишімбаев тағы да әйелін "тек алақанымен ұрғанын" айтты.
Видео көрсетілген сон Бишімбаевтың адвокаты одан "Неліктен Нүкенованың басынан теуіп, жұдырықпен ұрмадыңыз" деген сұрақ қояды. Алайда судья бұл сауалды тыйып тастайды.
- "Бишімбаевтан бөлек отырғызыңыздар": Байжанов сотта туысының өзіне қысым жасап жатқанын айтты (видео)
- "Қолыма пышақ алып, өз-өзіме қол жұмсағым келді": Бишімбаев сотта әйелінің қаза тапқан кезін баяндады (видео)
"Дәлізде ұрып жатқан видеода оның бөксесінен және бетінен алақанмен ұрғаныңыз көрінеді. Нүкенованың басынан неге теуіп жұдырықпен ұрмадыңыз?", - деп сұрайды адвокат.
Алайда кейін адвокат бұл сауалды қою себебін "Бишімбаевтың оның денсаулығына ауыр зиян келтіру ниеті болмағанын, сондықтан оны ұрмағанын түсіндіргім келді" деп ұғындырғысы келді.
Айта кетейік, бұған дейін Бишімбаев әйелін ұрғанын мойындап алайда оның “маңызы бар органдарына тигізбегенін” алға тартқан. Бишімбаев оны "бір-екі шапалақпен ұрғаннан кейін" марқұм әйелі өзі құлап, қабырғаға соғылды деген.
Айыпталушы Қуандық Бишімбаев сот алдында жауап беруді жалғастырып жатыр. Бұған дейін сотталушы қайғылы жағдай орын алған күннің қалай басталғанын айтып берген.
Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.
Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов - қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталған.