Цифрлық даму министрі "вакцина - чип орнату тәсілі" деген қауесетке нүкте қойды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин халық арасында кең таралған қауетсет жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен мамандарға сенемін. Қазір бүкіл әлем цифрланған. Атом энергетикасы пайда болған кезде оның айналасында да зияндылығы туралы алып қашпа сөз көп болды. Ия, ол зиянды, бірақ адамзат күресін тоқтатқан жоқ қой. Чип мәселесі де осыған ұқсас. Цифрландыру дамып келеді. Сондықтан адамдар алаңдап отыр. Біздің Конституциямыз бен заңдарымыз бұған жол бермейді. Әлемнің ешбір елінде бұған жол берілмейді", - деді Мусин.
Вакцина -сұйықтық, ал сұйықтықтың чипке айналуы ақылға қонымсыз дүние, дейді ол.
"Вакцинаның ағзаға енгізілетін сұйықтық және оны сандық құралға айналдыру әзірге фантастика деп ойлаймын. Менің цифрлар туралы білімім вакцинаның чиптеу құралы екеніне сенуіме негіз бермейді", - деп қосты министр.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"