Чемпиондар ақша жымқырды деген күдікпен қамауға алынды
Фото:championat.com
Ресейдің шана спортынан екі дүркін әлем чемпионы Роман Репилов және тағы бір спортшы Александр Перетягин ақша жымқырды деген күдікпен уақытша тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2025 жылдың қараша айының соңында қос спортшы аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айыппен ұсталды.
Тергеу мәліметінше, олар спорттық шаналар сатып алуға бөлінген 11 миллион рубль бюджет қаражатын жымқырған.
Ал 2025 жылдың 17 желтоқсанында Красноярск қаласының Орталық аудандық соты Репиловтың қамауда ұстау мерзімін 2026 жылдың 20 ақпанына дейін ұзартты.
Айта кетейік, Роман Репилов – 29 жаста, 2 дүркін әлем чемпионы. Cонымен қатар 2 мәрте күміс және қола жүлде жеңіп алған.
Александр Перетягин – 33 жаста, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері және Сочидегі Олимпиада ойындарына қатысқан.
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып тастаған
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан

