Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Cендерді кім туды десе, папа туды дейді": Елордада жалғызбасты әке жертөлені жалдап тұрады

Елордада жертөлені жалдап тұратын жалғызбасты әке мұңын шақты. Ер азамат әйелі өзгемен көңіл жарастырған соң, ұл-қызына өзі бас-көз болуда екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Елордаға үлкен үміт арқалап келген бұл отбасы жертөленің бір бөлмесін 45 мың теңгеге жалдап тұрады.

"Қолым бос уақытта осылай үй жинап, киімдерін жинап, сөмкелерін жинап, оқу-құралдарын дайындап қоямын", - дейді жалғызбасты әке Айтан Мұқашев. 

Ол тапқан-таянғанын, бары мен нәрін беріп, балаларын қолынан келгенінше бағып қағуда.

"Енді жылағың келеді. Сендерді кім туды десе, папа туды дейді", - деп қосты Айтан Мұқашев .

Анасы үйінің кенжесі 7 айлық сәби кезінде тастап кетіпті. Қазір баланың жасы төртке келген. 

"Не айтамын қазір енді? Балалар өсті, 3 жыл болды онсыз тұрып жатырмыз. Басқа не айтайын енді? Аман болсын қайда жүрсе де", - дейді балаларының анасы жайлы жалғызбасты әке Айтан Мұқашев.

Көмекке мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, қайырымды істі жалғасытырғыларыңыз келсе, Еуразия бірінші арнасының редакциясына хабарлассаңыздар болады:  8 (7172) 75 73 29.

Талқылау