БҰҰ: Украинадан 8,3 миллион тұрғын кетуі мүмкін
Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі агенттігі (БҰҰ БЖКБ) 2022 жылы Украинадан шамамен 8,3 миллион адам кетеді деп болжады.

Соңғы екі айда 12,7 миллионнан астам адам үйлерін тастап кетті, оның ішінде 7,7 миллион ел ішіндегі босқындар және 5 миллионнан астам адам шекарадан қашып кетті, деп хабарлады БҰҰ БЖКБ өкілі Шабиа Манту.
"Біз соңғы уақытта дағдарыстың мұндай ауқымын, елден қашқан адамдардың мұндай өсімін көрмедік", - деді Манту.
Айтуынша, мұндай үлкен босқын дағдарысы бұрын Сирияда ғана болға. Сириядан 6,8 миллионнан астам адам қашып кеткен.
Жағдай Украинада, сондай-ақ көршілес елдерде гуманитарлық апаттың туындау қаупін төндіреді, деп атап өтті ұйым.
"Тексермесе, төлемей отыра береді": Алматы тұрғындары жолақысын төлемейтін жолаушылар көбейгеніне шағымданды
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді