Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҰҰ адамзатқа төніп тұрған қауіпті атады

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриштің айтуынша, Жер шары халқының жартысына жуығы климаттың өзгеруіне байланысты қауіп-қатермен бетпе-бет келеді. Бұл туралы ол аустриялық әлемдік саммитке қатысушылар алдындағы үндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі таңда климаттық өзгерістер ықпал ететін қауіпті болдырмаудың мүмкіндігі азаюда. Біздің планетамыз 1,2 градусқа жылынды. Ал белгіленген шекті жылыну - 1,5 градус. Біз сол шектен асырмау үшін 2030 жылға қарай ауаға зиян келтіруші қалдықтардың көлемін 45%-ға дейін төмендетуіміз қажет. Ал осы ғасырдың ортасына дейін оны нөлдік деңгейге жеткізу керек", – деді ол.

БҰҰ Бас хатшысының мәліметінше, 2021 жылы энергетикалық саладағы CO2 зиянды қалдықтары 6%-ға өскен. Осы онжылдықтың қорытындысы бойынша ауаға бөлінетін зиянды қалдықтар көлемі 14%-ға артады.

"Көптеген елдің билігі уақытты созып жүргенде, әрекетсіздік ауыр зардаптарға әкелуде. Климаттың өзгеруі қазірдің өзінде сезіліп жатыр. Адамзаттың жартысына жуығы қауіптің алдында тұр", – дейді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш

Талқылау