Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қаңғыған ит-мысықтар тиіспесін деген шығар": ШҚО-да ауылдардың біріне қойылған шырша тұрғындардың сынына ұшырады

Шығыс Қазақстан облысы Жаңа Бұқтырма кентінің тұрғындары қаражат жинап, жаңа жылдық шыршаны өздері сатып алуға бел буды. Себебі әкімдік орнатқан шырша тұрғындардың көңілінен шықпаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: vbuhtarme Instagram парақшасынан 

Желіде Жаңа Бұқтырма ауылында қойылған мерекелік шыршаның суреті тарады. Оның жан жағы гирляндалармен безендірілген. Көзге оғаш көрінген шыршаны ауыл тұрғындары сынға алды.  

"Қаңғыбас ит-мысықтар тиіспесін шығар", “Жаңа жылдық шырша адамдарға көңіл күй сыйлауы керек. Дұрысы мына шыршаны қоймауы керек еді”, “Қызық, бұл шыршаны орнатуға қанша ақша кетті екен”, “Бұл шырша ауылда бірінші рет орнатылып жатқан жоқ”, – деді олар. 

Ал Жаңа Бұқтырма ауылы әкімдігінің өкілдері жаңажылдық шыршаны безендіру жұмыстары аяқталғанша күтуді сұрап, мерекелік безендіруге бюджеттен қаржы бөлінбегенін жеткізді. 

"Безендіру жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Безендіруге бюджеттен қаражат бөлінбеген. Көмек көрсетіп жатқан демеушілерге рақмет! Шыршаны безендіру, гирляндалар қою жоспарлануда", – деп хабарлады әкімдік.

Ал ауыл тұрғындары өздеріне нағыз жаңа жылдық көңіл күй сыйлау үшін "Жаңа Бұқтырма" чатында шыршаны безендіруге ақша жинайтынын хабарлады.

Талқылау