Бұрынғы бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болды

Фото: Primeminister.kz
Айжан Есмағамбетова Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Оның кандидатурасын президент әкімшілігі мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Есмағамбетова енді әлеуметтік саланы қадағалайды.
Айжан Есмағамбетова 1972 жылы дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын гигиена, санитария, эпидемиология мамандығы бойынша, инновациялық Еуразия университетін бизнесті басқару магистрі мамандығы бойынша бітірген. Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар.
Пандемия кезінде ол денсаулық сақтау вице-министрі, мемлекеттік бас санитарлық дәрігер қызметін атқарды, содан кейін қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы болды.
Балалар үйінен үздік бестікке дейін: Қазақы оюды шашқа түсірген шебер қалай әлемді мойындатты
Ксения енді өз өнерін сән индустриясымен ұштастырғысы келеді
Қазақстандық белсенді баласына Түркияда полиция қысым көрсетіп жатқанын айтып, көмек сұрады
Бұған дейін қазақстандық жігіт Молдовада пана сұрап, өтініш берген