Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұрын-соңды болмаған": Ерке Есмахан тағы бір жаңалығын жариялады

Танымал әнші Ерке Есмахан тағы бір жаңалығымен оқырман қауымды қуантты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://vk.com/erke_esmakhan_official

Өнер иесі жеке брендін жасап, елде жоқ әшекей шығарған еді. 

“Қадірлі достар! Мына 5 миллион теңгені сіздерге сыйлаймын. Екі күннен кейін туған күнім. Жаңа жасымды кәсіпкер ретінде қарсы алып отырмын. Бұрын-соңды болмаған. Сол үшін сіздерді қуантқым келеді. Екі күн ішінде әшекей бұйымды сатып алып, осы ақшаны ұтыл алыңыз”, – деді Ерке. 



Еске салайық, өнер иесі көптен бері ойында жүрген бұйымын көпшілікке ұсынған еді. 

“Негізі бұл туындымды жолдасым екеуміз тек өзіме деп ойластырып жүрдік. Қолыма білезік етіп таққым келді немесе сақина мен сырға жасағым келді. Бірақ жүрек ұстағым кеп, сотуар еттім. Идея өзімдікі. Әр бөлшегі ақ ниетіммен жүзеге асты. Сосын уақыт өте ой келді: өз жеке басымды ғана ойламай, осы бұйымды неге әр қазақ қызына "жұғысты болсын" деп ұсынбасқа", – деген болатын эстрада жұлдызы. 

Талқылау