Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы қаңғыбас атақты аспазға айналып, айтулы марапатқа ие болды

43 жастағы Алан Жеам Парижге көшіп келгенде қалтасында көк тиыны болмаған, өзі тіпті тіл де білмеген. Қызмет жолын ыдыс жуушыдан бастаған ол Париждегі саябақтардың бірінде талай түнеген.

Бұл туралы BBC-ге сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Аланның Парижде аспаз атануына оқыс оқиға себеп болған. Ол жұмыс істеген мейрамханадағы бас аспаз пышақпен қолын жарақаттап алып, жедел ауруханаға жеткізілген. Келушілерге ас әзірлеп беру үшін Аланның пеш жанына тұрудан басқа амалы қалмаған көрінеді.

Сол күні Алан түстенуге келген адамдарды ғана емес, мейрамхана иесін де таңғалдырған. Оның таңданғаны соншалық, жұмыс күні аяқталар шақта: «Сен тамақ әзірлей алады екенсің ғой», – деген.

Кейіннен танымал Мишлен рейтингіне енген кезде дәл осы сөздер жазылған болатын.

“Мишлен 19 жасында далада түнеп, қызметін ыдыс жуудан бастаған мен сияқты адамға назар аударады деп ешқашан ойламаппын», – деп бөлісті аспаз бір сұхбатында.

“Бұл гид тек қана атақты аспаздар мен ірі мейрамханалар туралы жазады деп ойлайтынмын. Бірақ бәрі керісінше болып шықты. Қуандым әрі таңғалдым», – дейді Жеам.

Аланның ас әзірлеуге деген махаббаты бала күнінде-ақ байқалған. Өзге балалар мультфильм көрген уақытта, Алан ас әзірлеуге арналған бағдарламаларды ұнатқан. Бір жағынан әртүрлі елде өмір сүруі оның қызығушылығын арттыра түскен. Ол алғашқыда Африканың Либерия елінде, кейіннен ата-анасының туған жері Бейрутте тұрған.

Алайда ливан әскеріне қабылданған соң тамақ әзірлеуге шындап кіріскен. Тағамды дәмді даярлағаны соншалық, полк командирі оны жеке аспазы етіп тағайындапты.

“Мен адамдарды қуанту үшін тамақ әзірлеймін», – деді Жеам француз басылымына берген сұхбатында.

Аспаздың ең сүйікті тағамы – фуа-градан жасалған эскалоп. Аталған тағам түріне ол анар шырынын қосады.

“Бала күнімде анарды көп жедім. Одан неше түрлі шырын жасап шығаратынмын. Жалпы француз тағамдарына ливан асханасын еске түсіретін дәм қосқанды ұнатамын”, – дейді аспаз.

Жіберіп алмаңыз:

Әуеде ұшып келе жатқан 363 жолаушы бар тікұшақ істен шықты

Үндістандық азамат көзінен қан ағып жылаған әйелін мыстан деп тастап кетті

Той көйлегіне сыю үшін арықтаған блогер бедеу болып қалды

Өз туыстарына үйленген 13 атақты тарихи тұлға

Талқылау