Бүлдіршін қыз балабақшаға ішімдік әкеліп, достарымен бөлісіп ішкен
АҚШ-тың Мичиган штатында бүлдіршін қыз ішімдік әкеп, оны түскі ас уақытында достарымен бөлісіп ішкен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүлдіршіннің тобындағы достарының бірінің анасы айтқандай, оған балабақша қызметкері хабарласып, болған жағдайды баяндаған. Үлкендер не болып жатқанын түсіне алмай жатқанда, бала төрт досымен бірге алкогольді сусынды ішіп үлгерген. Коктейльдегі алкоголь мөлшері шамамен 10% болған.
"Мен қызымның жағдайын балабақша қызметкерінен сұрадым. Ол баламның жақсы екенін айтты. Кейін оның қанша мөлшерде ішкенін сұрап едім, бұл сұраққа жауап бермеді”,- деді әйел.
Ішімдік ішкен қыздың анасы қазір қызының дәрі қабылдап жүргенін, оны жақын күндері балабақшаға жібермейтінін айтқан. Сол күні директор балалардың бұл теріс қылығына байланысты тәрбиешілердің біріне тәртіптік жаза қолданылатынын хабарлады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"