Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін банкроттық бойынша өтінім қабылдау басталады

Бүгіннен бастап ел азаматтары төлем қабілетін қалпына келтіру немесе банк алдында қарызы бар тұлғалар өзін банкротпын деп жариялай алады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

банкрот

Елімізде "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы" жаңа заң бүгіннен бастап күшіне енеді. Енді жеке тұлғалар банк алдында берешегі болса үш санат бойынша өтінім бере алады. Өтінішті eGove "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және ХҚКО арқылы, скринингтік тексеру жүргізу үшін "E-salyg Azamat" қосымшасы арқылы беруге болады.

Қазірдің өзінде eGove порталының бас бетінде “соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану” қызметі енгізілген. 

Бүгінде қарызын төлей алмай жүрген 1,5 миллион адам төлем күнін 90 күннен асырып жіберген. Енді қаржы министрлігі осы қызмет арқылы 1 миллионнан аса қазақстандық өз несиесінен құтылуы мүмкін екенін айтуда. 
Еске салайық, Stan.kz бұған дейін кімдердің банкроттық қызметін пайдалана алатынын жазған еді. Онда негізгі үш санат көрсетілген. Яғни, соттан тыс банкроттық, сот арқылы рәсімделген банкроттық және төлем қабілетін қалпына келтіруді көздейтін қызмет түрі.

Талқылау