Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен сүйіктісінің көзіне шөп салып жүргенін ерекше жүзіктің арқасында біліп қойған

Аустралияда қыз сүйіктісінің көзіне шөп салып жүргенін ерекше неке жүзігі арқылы біліп қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

жүзік

Фото: shutterstock.com

Оқиға туралы бойжеткеннің құрбысы TikTok желісінде баяндап берді. Сөзінше, оның құрбысы екі жыл сүйіктісімен кездесіп, кейін отау тұрған. Алайда бойжеткен неке жүзігін Darry Ring фирмасынан алуды сұраған екен. Компания иелері өз брендтері арқылы "мәңгілік махаббат" идеясын дамытып келеді.

Darry Ring фирмасы өмір бойына арналған бір ғана жүзік сатады. Егер ер адам қалыңдығына жүзік алса, жеке ақпараттарын ұсынып, арнайы келісімге қол қояды. 

Блогердің сөзінше, құрбысының сүйіктісі компанияның идеясын түсінбеген. Сүйіктісімен бірге жүзік алуға дүкенге келгенде сатушылар оған жүзік беруден бас тартқан. Себебі ол 1 ай бұрын ғана ол басқа қызға жүзік алып қойған екен. 

Осылайша блогердің құрбысы сүйіктісінің көзіне шөп салғанын анықтап, айырылысып кеткен. 

Талқылау