Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен полицияға "ортамызға түспеңдер" деген: Қырғызстандықтарды дүр сілкіндірген оқиға жайлы жаңа деректер белгілі болды

Қырғызстанда бойжеткенді ұрлап әкетіп, артынша оны өлтіріп тастаған ер азамат Ресейде сотталған болып шықты. Бұған қоса, жоғалып кеткен бойжеткеннің полициямен сөйлескені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Вечерний Бишкек" басылымына сілтеме жасап.

Айзада

"5 сәуірде екеуінің телефондары өшірулі болған. Кешкісін Айзаданың анасы онымен хабарласып, қызының жағдайы жақсы екенін, біршама уақыттан кейін үйге оралатынын білген. Содан кейін бойжеткенге тергеушілер хабарласқан. Айзада тәртіп сақшыларына екеуінің қарым-қатынасына араласпауларын өтініп, жағдайды өзі реттейтінін айтқан. Кейін марқұмдардың екеуінің де ұялы телефондары сөндірілген" - деді қылмыстық милиция қызметінің басшысы Ұлан Айтбаев. 

Айзаданы өлтірген азамат бірінші әйелімен ажырасып кеткен. Соңғы уақыттарда жолаушы тасымалымен айналысқан. Полиция мәліметінше, оның тұрғылықты үйі болмаған, көбіне көлігінде түнеген. 

Бұған қоса, ол Ресейде қарақшылық әрекеті үшін сотты болған. 

Еске салайық, Қырғызстанда әлдебіреулер 26 жастағы Айзада Қанатбекованы ұрлап әкеткені белгілі болған еді. 7 сәуірде бойжеткен мен 26 жастағы ер азаматтың өлі денелері көлікте табылған. Бұл оқиғаны естіген халық көтеріліп, наразылыққа шықты.


"Ол мені алдады": Қырғызстандық Айзаданы алып қашқан жігіт өлер алдында туыстарына дауыстық хабарлама жіберген

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр