Бойжеткен қатерлі ісікті жүктілікпен шатастырып көз жұмды
Ұлыбританияда оқып, жұмыс істеген Латвия тумасы сқазанында өсіп жатқан қатерлі ісікті жүктілікпен шатастырған. Соның салдарынан қайтыс болды.

Байба Краупса өзін жүктімін деп есептеп жүргенде 24 жаста еді. Қыз анасы Иветаға (Ивета Краупса) жүкті екенін айтып қуантады. Отбасы бірден отбасының тағы бір адаммен толысуына дайындала бастады.
Алайда алғашқы ультрадыбыстық тексеру кезінде әйелде қатерлік дерттің агрессивті түрі бар екендігі анықталды. Дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қала алмады, ол 22 шілдеде қайтыс болды.
Оның анасы, туыстары мен достары Байбаның өлімін ауыр қабылдауда. Ивета өзінің қызын барлық адамдармен тез тілбтабысқыш еркін қыз ретінде сипаттады.
«Ол әрқашан өзінің мүдделерін бірінші орынға қойып, адамдарға қамқорлық жасады», - деді Крис Янг, Краупса жұмыс істеген Jack Murphys барының менеджері.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр