"Бөтелкелердегі ауыз судың барлығы уланған": Ақпарат қазақстандықтардың үрейін туғызды
Қазнет қолданушылары елдегі ауыз судың, оның ішінде бөтелкедегі судың уланғаны туралы ақпарат таратуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

Дыбыстық хабарлама авторы судағы у туралы құпия ақпаратты таныс вирусологтан білгенін, сондай-ақ еліміздің ауруханаларында уланудан зардап шеккен балаларға қосымша орындар мен бокстар дайындалғанын айтады.
Бұл ақпаратты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.
“Бұл фейк ақпарат. Халықты қауіпсіз ауыз сумен қамту мәселесі Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің ерекше бақылауында және ұдайы назарда”, – деп хабарлады ведомстводан.
Айта кетейік, ауыз судағы у туралы хабарлама Ресей мен Қазақстанның қалаларында кеңінен тарады. Осыған ұқсас фейкті біз ағымдағы жылдың сәуір айында жоққа шығарған болатынбыз.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды