Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Босаттым ішімдегі бір адамды": Жұлдыз Әбдікәрімова өзін бақытсыз еткен жанды кешіргенін айтты

Жұлдыз Әбдікәрімова сырлы тақырыпта поэзия оқып, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Өзіңді ренжіткен адамды кешіре білу, әрі қарай бақытты өмір сүру туралы сыр шерткен актриса жеке өмірі жайлы айтты, деп топшылады жұрт. 


Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында жыр шумақтарын оқыған видеосын жариялады. 

"Босаттым ішімдегі бір адамды 
Кешірдім кінәларды, күнәларды.
Сөйтті де өмір мұңнан бір тазарды, 
Сөйтті де көңіл кірден бір ағарды.

Болса екен ұзағынан осы күндер, 
Бәлкім ел қателік-ау шешімің дер. 
Ей адамдар, бақытты болғың келсе, 
Бақытсыз қылған жанды кешіріңдер", - деп сыр шертті Жұлдыз.

Көпшілік актриса өзінің жеке өмірі жайлы айтты деп түсінді. 



"Дұрыс айтасың, қызым. Кең болсаң, кем болмайсың деген. Балаларың үшін кешірімді бол", "Өзіңіз туралы айтып тұрған сияқтысыз", "Ең дұрыс шешім", - деп пікір білдірді желі қолданушылары. 

 

 

Талқылау